Қоғам

Биыл Петропавл қаласында 8 көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр

Марат Мұқашев – Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі.

– Жас отбасыларға арналып 84 пәтерлі төрт көпқабатты тұрғын үй тапсырылды. Мұнымен қоса 72 пәтерлі үй пәтер кезегінде тұрғандар үшін пайдалануға берілді. Тағы да дәл осындай баспана жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Айта кету керек, жалпы бұл баспаналардың барлығы «Береке» ықшам ауданында тұрғызылды.

Облыс орталығында жыл соңына дейін «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша 45 және 93 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілмек. Жалпы жоспар жүзеге асса 2014 жылы барлығы 366 пәтер иелерін табады. 2014 жылы қолданысқа берілетін үйлердің аумағы 29,8 мың шаршы метр. Мұнымен қоса биыл тағы бірнеше үйдің құрылысы басталған екен.

Марат Мұқашев – Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі.

– 93,75,55 және 90 пәтерлі төрт көпқабатты үйдің құрылысы биыл тамыз айында басталды. Соның екеуі тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі желісі бойынша, қалғаны жас отбасыларға деп салынып жатыр. Мұнымен қоса “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында екі жатақхананың құрылысы басталды. Олардың барлығы келер жылы халық игілігіне беріледі.

Петропавл қаласында бүгінгі күні 10 000-ға жуық адам пәтер кезегінде тұр. Жыл сайын пайдалануға берілетін үйлердің саны артса, болашақта бұл проблема толық шешімін таппақ.
Биыл Петропавл қаласында 8 көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр

 

Джакупов Самат.