Қоғам

3 айдан артық тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелмеген тұлғаға 9260 теңге айыппұл салынады

Гүлнар Қуандық, СҚО ІІД Петропавл қалалық ІІБ-сы көші-қон полициясы бөлімінің бастығы

– ҚР азаматтарының 3 айдан астам мерзімде жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтпесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Күн сайын 80-ге жуық адам тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға байланысты жергілікті көші-қон полиция бөлімінде қайта тіркеуден өтеді екен.

– Мәселен, кеше ғана, яғни желтоқсанның 23-і 28 солтүстікқазақстандық өңір аудандарынан облыс орталығына көшіп келсе, 12-сі өзге аймақтардан қоныс аударған. Ал, қалған 24-і қала ішінде тұрғылықты мекен-жайын ауыстырды.

Берик Касен.