Құқық қорғау органдары

Туберкулез дертіне шалдыққандар емделуден бас тартуда

Андрей Бессонов- СҚО прокуратурасы 7-ші басқармасының бастығы

– Тексеріс барысында туберкулезбен ауыратын адамдардың еш емделмей жүргендігі анықталды. Олар әлі де болса еркінен тыс емдеуге жіберілмеген. Себебі бүгіндері оларды анықтаудың заң жүзіндегі механизмі әлі жоқ. Алайда алдағы уақытта біз ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс жасап оларды тауып, емдеуге жіберуді көздеп отырмыз.

Бұл аса қатерлі дерт болғандықтан, уақытылы ем қабылданбаса арты соқпақты болуы мүмкін. Сондықтан қадағалаушы орган өкілдері дабыл қағуда.

Андрей Бессонов- СҚО прокуратурасы 7-ші басқармасының бастығы

– Біз бір амалын тауып оларды анықтап, емге жіберу қажетпіз. Себебі 1 адам тағы 10 шақты тұрғынға ауруды жұқтыруы мүмкін. Сондықтан бұл іске жылдам кірісу керек.

Айта кеткен жөн, соңғы жылдары Айыртау ауданындағы туберкулезбен ауыратын жандар шоғырланған түзету мекемесінде дерттен қаза табатындардың саны азайған. Ал ағымдағы жылы мүлде тіркелмепті.

 

Магжан Ахмадина.