МТРА жаңалықтары

“Мен Елбасымен біргемін!” жастар форумы өтті

Данияр Уәлиев, №16 орталау мектебінің директоры

Мен өз баяндамамда әлеуметтік желілер жайында сөз қозғаймын. Яғни, әлеуметтік желілерде жастарымыз тек уақытты өткізу үшін отырады. Ал мен болсам ол уақытты білімге арнағым келеді. Өйткені бұрын білімнің қайнар көзі мұғалім мен кітап болса, қазір бұнымен қоса интернетті де алуға болады.

Форумға облыс орталығындағы колледж студенттері қатысты. Олар Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға ат салысамыз деп отыр.

Айдана Сайлау, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенті

– Елбасының биылғы жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикасын дамытуға бағытталған. Жолдаумен жіті танысып шықтым. Біз жастар оны жүзеге асыру керекпіз.

Форумға 70-ке тарта жас қатысты. Пленарлық отырыстан соң, жастар 3 тақырыпты қамтитын секцияда бас қосты.

Жанна Сейтжанова, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалының академиялық бөлім маманы

– Бірінші секция “Экспо-2017: Болашақ қуаты” Деп аталады. Екінші “Заманауи мультимедия сервистері”, ал үшінші “Қазақстандағы қазіргі заман жастарының құндылық бағыттары” деп аталады. Секцияның тақырыптары бойынша бейнебаяндар, интерактивті түрде қатысушыларымен ойын түрінде ұйымдастырылып, және де қосымша ақпараттар беріледі.

“Мен Елбасымен Біргемін!” Жастар форумының соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Ахметова Бану.