Балалар

Мүгедектерге мерекелік көңіл-күй сыйланды

Светлана Михайличенко, 2-ші топтағы мүгедек, СҚО “Қамқор ” мүгедектер қоғамының мүшесі

– Қой жылында халықымыздың денсаулығы жақсы болса екен деймін. Әрбір шаңырақта құт береке мен бірлік болсын. Қарттарымыз бен балаларымыз ештеңеден тарықпай қоғамның толыққанды мүшесі болып өссе екен деген тілегім бар.

Оксана Борисова 1-ші топтағы мүгедек. Нәзік жанды өмірге деген құштарлығының арқасында қоғамдық шараларға белсене араласып, өзгенің қайғысын ұмыттырып бір сәтке қуаныш сыйлауға тырысады. Ал өзі қамыққан жағдайда сурет салып, әңгіме жазып жанына медеу табады.

Оксана Борисова, СҚО “Қамқор “мүгедектер қоғамының мүшесі

– Мен ақшақардың образын бірінші рет сомдап тұрмын. Бұрындары мен мұндай көріністерге қатыспай, тек сырттан ғана бақылайтынмын. Негізіне келгенде түрлі рөлдерде ойнау жақсы екен. Маған қатты ұнады.

Бүгінде қоғамның жарымжандарға деген көзқарасы түзеліп келеді. Жылдан жылға оларға қол ұшын беретін қайырымдылық қорлары мен демеушілер саны көбеюде. Оған дәлел биыл өңірімізде “Қамқор ” мүгедектер қоғамы ашылды. Бүгінде әр ауданда филиалы жұмыс істейді.

Владислав Демьянов, СҚО “Қамқор “мүгедектер қоғамының төрағасы

 

– Жыл басынан бері біздің ұйым жарымжандарға аранап 50-ден астам шара өткіздік. Оның ішінде мәдени, спорттық шаралар болды. Бүгін міне жаңа жылдық шырша мерекесін өткізудеміз. Жалпы біздің қоғамдық қорда қала бойынша 300 адам есепте тұр. Оның 50-і бала. Ал, облыс бойынша 3 ауданда 500-ден астам адам біздің ұйымға жарымжан ретінде тіркелді.

Шара соңында 30-ға жуық балаға мерекелік сыйлықтар үлестірілді.

Берик Касен.