Ауыл шаруашылығы

Биыл 32 солтүстікқазақстандық қой шаруашылығын дамытуға 134,5 млн теңгенің несиесін алды

Хайыр Каскербаев, “Көкбөрі”фермерлік қожалығының меңгерушісі

– Қазіргі уақытта қойды ұстау тиімді бірақ жүнін, терісін ешқайда тапсыра алмайсың, ешкім алмайды. Және қойдың етін базарға апарсаң сатушылар бағасын төмендетіп, келісін 750-ден аламыз деп тұрып алады. Ал, енді сенбі күні ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 2-3 қойды ғана сата аламыз.

Бүгінде “Көкбөрі” фермерлік қожалығында 25 адам еңбек етеді. Қатарында зейнетке шыққан Владимир Навицкий де бар.

Владимир Навицкий, “Көкбөрі”фермерлік қожалығының жұмысшысы


– Осы шарушылықта 6-шы жыл жұмыс істеп келемін. Қыста малдың күтімін жасаймын, жазда өріске айдаймын. Өзім 1 жыл бұрын зейнетке шықтым. Десе де бұл жұмысымды тастауға асықпаймын.

Мемлекет бүгінде қой шаруашылығын дамытқысы келетіндерге үлкен жеңілдіктер ұсынуда. Мәселен, «Алтын асық» бағдарламасын қолданушыларға несие өтеу үшін 2 жылдық үзіліс беріледі. Несие үстемеақысының жартысы мемлекет қаражысы есебінен өтеледі. Оған қоса, қойдың басын 500-ге жеткізгендерге мемлекеттен датация, яғни демеу қаржы беріледі екен.

Рауза Каскербаева, “Көкбөрі” фермерлік қожалығының басшысы, Аққайың ауданы

– Фермерлер мен ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер қорықпай, біз сияқты малды көп сатып алса деймін. Қойды ұстау қиын емес.

Біздің түсіру тобымыз барған күні Хайыр Каскербаевтың бір қойы егіз қозы туды.

Хайыр Каскербаев, “Көкбөрі”фермерлік қожалығының меңгерушісі.

– Қазақта құтты қонақ келсе, қой егіз табады деген сөз бар. Міне, бүгін бір қойымыз егіз тапты. Екеуі де қара қошақай.

Бұдан басқа “Көкбөрі” фермерлік қожалығы жер өңдеумен айналысады. Олар биыл 1200 Га алқапқа әдеттегідей бидай, зығыр, рапс дәндерін сіңірген. Өнім ойдағыдай шығып, гектарынан 20 центрнерден астық алынған.

Хайыр Каскербаев, “Көкбөрі”фермерлік қожалығының меңгерушісі

– Бүгінде 25 бірлік техникамыз бар. “ҚазАгроҚаржы” желісі бойынша жалпы сомасы 36 млн теңгеге 2 дана Енисей комбайыны мен 1 белорус сатып алдық. Техниканың бәрін лизинг бойынша алынды.

“Көкбөрі” фермерлік қожалығының басшысы Хайыр Каскербаев төрт түліктің бабын жақсы танитын білікті мал дәрігері. Кәсіпкер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалымен отандық бизнестің дамуына жаңа серпін берілді дейді. Ол осы мүмкіндікті барынша пайдаланып, “Құлан” бағдарламасына жүгініп, қазіргі 25 бас жылқысының қатарына тағы 50 бас қамбар ата төлін қосуды ниет етіп отыр.

 

Берик Касен