Спорт

Жерлес каратэшілер екі қола медальді жеңіп алды

Аяжан Утегулова – қыздар мен әйелдер арасында өткен кёкушинкай каратэдан ҚР чемпионатының қола жүлде иегері

– Жарыс оңай болды деп айта алмаймын. Қарсыластарым мықты. Үшінші орын үшін павлодарлықпен шықтым. Олда мен секілді сары белбеу иегері. Барынша тырысып оны жеңіп, қола медальды асындым.

Бұл сайысқа Аяжаннан бөлек тағы 8 жерлес спортшыларымыз қатысты. 18 жасқа дейінгілердің арасында 35 келі салмақ дәрежесінде Лада Плотникова да үшінші орынды қанжығасына байлады. Нәзік жандылардың сайысымен қатар, ерлер арасында да ҚР-ың кубогы өтті. Өкінішке орай, теріскейліктер биік тұғырдан көріне алмады. Ал келесі күні бапкерлер мен білікті шәкірттер дан-тест тапсырды. Яғни, өзінің дәрежесін көтеретін сынақ. Мұнда ката және кумитенің бағдарламаларын толығымен қайталап, қара белбеу иегерлері – 25 адаммен жекпе-жекке шығу қажет. Бұл сыннан біздің екі жерлесіміз Евгений Дулов пен Владимир Витченко сәтті өткен.

Владимир Витченко – “Бүкілқазақстандық кёкушинкай-каратэ ұйымы” РҚБ СҚОФ директоры

– 17 желтоқсан дан-тест тапсырдық. Мен үшінші дан үшін, ал Евгений екіншісін қорғады. Бұл сынды алтыншы дан иегері Таджымұрат Найзабеков қабылдады. Айтарлықтай қиын болды. Бірақ, 50 адамның екеуі ғана өте алмады. Біз сәтті қорғап шықтық.

Енді, үшінші дан иегері Владимир Витченко шет елдерде сэнсэй деп атану құрметіне ие болды.

 

Риат Шони.