МТРА жаңалықтары

Петропавлда ашылған мамандандырылған ХҚКО бір апта ішінде 1000-ға жуық адамға қызмет көрсеткен

Жанат Мұхамеджанов – Петропавл қаласының тұрғыны.

– Осы орталықтың ашылғаны қала тұрғындары үшін өте қолайлы болды. Барлық қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі. Тіпті мұнда банктердің филиалдары да ашылған. Түбіртекті, қажетті құжаттардың ақысын сол жерде төлеуге болады. Бұл халық үшін игі іс деп ойлаймын.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғындарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылғанына небәрі бір аптаға жуық уақыт болса да, осы аралықта әмбебап орталықтың көмегіне 1000-ға жуық адам жүгінген екен.

Евгений Зубков – Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім жетекшісі.

– Бұдан былай азаматтарға жүргізуші куәлігі әмбебап орталықта беріледі. Мұнымен қоса енді автокөліктерді тіркеуден шығарып, қайта тіркеу жұмыстары осында жүргізіледі. Сондай-ақ, көлік жүргізушіге сенімхатты да осы жерден алуға болады. Күніне біз 150-200 адамды күніне қабылдаймыз. Штатта 41 адам еңбек етеді. Сенбі толық жұмыс күні болып есептеледі.

Айта кету керек жүргізуші куәлігіне қажетті 083 медициналық анықтамасын да енді осы жерден алуға болады. Бұл ретте мұнда тіпті арнайы комиссия құралған.

Руслан Нүркеев – Медициналық коммисия төрағасы.

– Орталықта нарколог, психиатрдан бөлек медициналық комиссия жұмыс жасайды. Оның құрамында терапевт, невропотолог, окулист, лор және хирург сынды дәрігерлер бар. Енді бұрынғыдай емханаларға жүгіре бермей барылығын осы жерден өтуге болады. Анализден бір тәулік ішінде дайын болады.

Қазіргі таңда елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсететін жеті әмбебап орталық жұмыс істейді. Жыл соңына дейін мұндай кешен Талдықорған және Қызылорда қалаларында ашылмақ.

Джакупов Самат.