МТРА жаңалықтары

Мүлікті заңдастыру науқаны

Бүгіндері шет елдегі мүлігін бір петропавлдық қана заңдастырып үлгерген. Мамандар келекшекте құқық қорғау органдарымен келеңсіз жағдай орын алмауы үшін мүлік құнының 10 пайыздық ақысын өтеп, науқанға қатысқан жөн деп отыр.

Юрий Белокопытов- Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

– Мүлікті заңдастыру үшін мынадай құжаттар қажет. Екі нұсқада мүлікті жария етушінің өтініші, жеке куәлік көшірмесі болуы шарт. Бұдан бөлек жылжымайтын мүлік болса, онда шетелде тіркелгендігі жөніндегі құжат. Құнды қағаздар иелері оған эмитент ұсынуы керек. Мүліктің бағасын көрсететін құжат та көрсетілуі тиіс.  

Мүлікті жария етуге қатысты түрлі сауалдары бар тұрғындар Петропавл қаласы, Мир көшесі 85 мекен-жайы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, не 35-52-31 нөміріне қоңырау шалу арқылы кеңес ала алады.

Магжан Ахмадина.