Балалар

Балалар қуанышқа бөленді

Руслана Джансугурова, көпбалалы ана

– Мен өте бақыттымын. Балаларымды қайрымдылық шыршасына шақырды. Әсіресе, “Эра мелосердия” қайырымдылық қорының президентіне алғысымды білдіргім келеді. Ол бізге барынша көмек көрсетіп отырады.

Гита Зимина

– Мен аяз атаға хат жазып, жаңа жылда қуыршақ алғым келетінін айттым. Өйткені 31 желтоқсан менің туған күнім. Сондықтан қос мерекеде көп сыйлық иеленгім келеді.

Шараға қайырымды жандар да келген. Олар аяз атаға хат жазған бүлдіршіндердің тілектерін орындады.

Бейбігүл Мансұрова, Петропавлдағы ЕС 164/6 әйелдер колониясының бастығы

– Бірінші рет менің электронды поштама аяз атаға жазылған Антон Антоновтың хаты келді. Бүлдіршін аяз атадан ұялы телефон сұрапты. Бұл хатты оқыған соң, көзі нашар көретін мүгедек және ата-анасы жоқ балаға қол ұшымды бергім келді.

Аяз атадан смартфон сұрап, 11 жастағы Рустем Абдрашитов та хат жазыпты. Көпбалалы отбасында тәрбиленіп жатқан Рүстемнің бүгін арманы орындалды. Оған “Урал керамика” дүкенінің басшылығы смартфон сыйға тартты.

Рүстем Абдрашитов

– Бұл мерекені асыға күтемін. Аяз атаға сенгендіктен, оған хат жаздым.

Қайрымдылық шарасын “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалы, “Эра Милосердия” қоғамдық бірлестігімен бірге “Улыбка” қоры ұйымдастырды. Бүгінгі таңертеңгілікке барлығы 140 бала қатысты. Олар көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларында тәрбиеленетін бүлдіршіндер мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер.

– Бүгінгі қайырымдылық шарасына көп баланы шақырдық. Ешқайсысында назардан тыс қалдырмаймыз. Бәріне бүгін жаңа жылдық сыйлықтар үлестіреміз. Аяз атаға хат жазған балалардың тілектерін қаламыздағы кәсіпкерлер орындауға көмектесті. Оларға алғысымызды білдіремін.

Жаңа жылдық таңертеңгілік соңында балалар аяз ата және ақшақармен шыршаны айнала ән айтып, би биледі.

Ахметова Бану.