Мәдениет

Жаңа жылда жаңа қойылым

Музыкалық қойылым ақшақар жайында. Жалмауыз кемпірдің немересі Ежка жаңа жыл мерекесінде өзіне тосын сый әзірлемек болады. Яғни, ақшақар кейпіне еніп, жан-жағындағы жандардың сүйіспеншілігіне бөленгісі келеді. Бұл рольді театрдың әртісі Елена Вахрина сомдауда. Ежканың мінезі жаныма жақын болғандықтан, оны сомдау қиынға соққан жоқ дейді өнер иесі.

Елена Вахрина, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының әртісі

– Мен сомдап отырған Ежка ақшақар болуды өте қалайды. Бірақ, оның кейіпіне ену үшін не істеу керектігін ертегінің ортасында түсінеді. Негізі Ежканың ролі жаныма жақын. Менің мінезіміз ұқсас. Сондықтан, бұл ролді қуана сомдаудамын. Жалпы, жаңа жылда балаларға арналған таңертеңгіліктерге үлкен қуанышпен қатысамыз.

Бұл қойлымға 9 әртіс жұмылдырылған. Спектакльдің тәрбиелік мәні зор. Үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікке үйретеді дейді ертегінің қоюшы режиссері.

Елена Покрас, “Как стать Снегурочкой” музыкалық ертегісінің қоюшы режиссері

– Бұл ертегінің кейіпкерлері: жалмауыз кемпір, шайтан, орман перісі, Ақшақар, Аяз ата және қардан жасалған аққала. Бұл спектакль тек кішкентай көрермендерімізге ғана емес, ересектерге де қызықты болады. Олар өздерінің балалық шақтарын еске алуы мүмкін. Театр қазіргі күні отбасымен тамашалайтын туындыларды сахналауға көп көңіл бөлуде.

Қойлымнан бұрын балалар шыршаның жанында «По дороге в сказку» интермедиясына қатысады. Түрлі ойындар ойнап, ертегі кейіпкерлерімен танысады.

Елена Покрас, “Как стать Снегурочкой” музыкалық ертегісінің қоюшы режиссері

– Ертегі әлемінде балалардың сүйікті Фея Винкс, Оптимус Прайм сияқты кейіпкерлері болады. Олармен ойнап, ән айтады. Тосын сыйлар көп болады. Сондықтан, баршаңызды жаңа жылдық мерекеде көңіл көтеруге шақырамыз.

Ертегінің премьерасы желтоқсанның 25-іне жоспарланған. Ал спектакль қаңтартың 6-сына дейін көрсетілетін болады.

 

Ахметова Бану.