Қоғам

Петропавлда шыршаларды орнатуға 13 млн. теңге қаржы жұмсалған

Александр Гусаков – “Леонтьев” ЖШС директорының орынбасары

– Біз жыл сайын “Есіл су” филиалы және де өзге кәсіпкерлер бөлімімен бірігіп Береке шағын ауданының тұрғындарынан арнап осындай сыйлық жасап тұрамыз. Бүгінде бұл бастамамыз дәстүрге айналды. Мұз қалашығын тұрғызу қиын болған жоқ. Сырғанақты салуға жергілікті жердегі өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері көмектесті.


Береке шағын ауданындағыдай шыршалар бүгінде қаланың 13 ауданында орнатылыпты. Жерлестерімізге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін барлығы 12 кәсіпорын демеушілік жасаған. Бұдан бөлек облыс орталығында заманауи үлгідегі LED-шыршалар да орнатылуда. Солардың бірі қаланың орталық алаңында тұр.

–  Мына LED-шыршаны орнатуға қала басшылығы 9 млн теңге қаржы жұмсаған. Жаңа жылдық мейрманың символоның бұл жолғы ерекшелігі, оған 60 диодты шамдар орнатылған.

Бұл жаңашылдық солтүстікқазақстандықтардың бірінің көңілінен шықса, енді біреулері жаңа жылдық шыршаның заманауи баламасын салқын қабылдауда.

– Шырша шынайы болса жақсы болар еді. Біз бала болған кезде мұз қалашығы да үлкен болатын. Биылғысы көңілімнен шықпады.

– Мұз қалашығы әдемі. Сырғанақтарда балалар асыр салып ойнап жүр. Үлкендерде кешқұрым серуендейді. Тамаша барлығы.

–  Түнде жанғанда әдемі. Бірақ шынайы шыршаға жетпейді. Құдды бір диодты шамдармен тартылған пирамида секілді.

Дәл осындай тамаша қылқан жапырақтылар Пестрое көлінің жағасында, тәуелсіздік стелласы мен вокзал маңында орнатылған. Бұның барлығына қалалық әкімдік 13 млн. теңге қаржы жұмсаған.

 

Риат Шони.