Денсаулық сақтау

«Еламед» компаниясының үй дәрігері сериясындағы құрылғысын таныстарыңызға жаңа жылға сыйла

Бәтима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының өңірлік менеджері.

– Бұл құрылғы өте тиімді. Батареяның көмегімен жұмыс жасайды. Айта кету қажет мұнда электрод салынады. Нәтижесінде импульс пайда болады. Оны ауырып тұрған жерге бассаңыз 10-15 минуттың ішінде сырқат басылады. Сондай-ақ «Унилор-01» локалдық кешенді қондырғысы жайында да айта кету керек. Ол ауруды жылумен емдейді. Бұл аппараттарды 1-жастан асқан балаларға қолдануға болады. Мұнымен қоса жүкті әйелдерге де пайдалануға мүмкіндік бар.

Виктор Любимов – Петропавл қаласының тұрғыны. Азаматтың құлақ, мұрнына суық тиген. Ауруынан айығу үшін ол «Унилор-01» атты құрылғысын сатып алды.

Виктор Любимов – Петропавл қаласының тұрғыны.

– Осыдан үш жыл бұрын «Алмаг – 01» қондырғысын сатып алған болатынмын. Жақсы аппарат. Өте ыңғайлы. Көмектесті. Енді міне жақында «Унилор – 01» жайында естедім. Енді мұны да тәжірбие жүзінде пайдаланып көрмекпін.

Геннадий Зуделин дәріханаға «Алмаг-01» медициналық аппаратын сатып алуға келген. Себебі жолдасының сан бұлшық етінің сырқырап аурып жүргеніне 2 айдан астам уақыт болған екен.

Геннадий Зуделин – Петропавл қаласының тұрғыны.

– Таныстарымның барлығы бұл аппаратты мақтап жатыр. Жолдасымның аяққа тұрып кетуіне септеседі деп ойлмайын. Оның үстіне 2 жыл кепілдік беріледі. Егерде жарамсыз болып қалса, басқасына ауыстыруға болады.

Бүгінгі күні «Еламед» компаниясы 10-нан астам түрлі дертке дауа құралын шығарады. Статистикаға сүйенсек тек төрт күннің ішінде қала тұрғындары 20-дан астам аппаратты сатып алады екен. Жалпы «Еламед» компаниясының бұл құрылғылары жаңа жылға жақсы сый болмақ.

Джакупов Самат.