Қоғам

ЕС 164/6 түзету мекемесіндегі тігін цехы өткен жылы 100 мың жөке шығарыпты

Мәрияш Тоқжанова, ЕС 164/6 түзету мекемесінде жазасын өтеуші

– Түзету мекемесінде мен бір жағынан жұмыс істеп, екінші жағынан мемлекетке айыппұлымды өтеп жатырмын. Осы жұмыста мен бір сәтке қиыншылықтарымды ұмытып, тұтынушылар үшін мына жөкені әдемі етіп тоқуды ойлаймын. Күніне 5-6 дене ысқылағышын тоқып, орташа есеппен айына 7-8 мың теңге табыс табамын. Сенбі, жексенбі күндері демалыс аламын.

Мұнда қолдың күшімен және станоктың көмегімен айына 5000 монша жөкесі тоқылады.

Евгений Щёголев, жеке кәсіпкер

– 82 шаршы метрді құрайтын бұл нысанды мен мемлекет қолдауының арқасында алдым. Мен мұнда жылу мен элетр тогынан басқасына артық қаражат шығармаймын. Оған қоса өткен жылы “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жылдық 14 пайыз мөлшерлемемен тауар тасымалдайтын жүк көлігін сатып алдым. Үстемеақының жартысы субсидияланады.

Сондай-ақ, жазасын өтеушілер осы цехта қара жұмысқа арналған қолғаптар мен жауыннан қорғайтын сулықтар тігеді. Олардың бағасы 130-250 теңгеден аспайды. Отандық шикізаттың бағасы қымбат. Сондықтан кәсіпкер оны Ресейден алдыртамын дейді.

Евгений Щёголев, жеке кәсіпкер

– Осыған дейін өнімдерге Қарағанды, Астана, Көкшетау, Қостанай қалалары тұрақты тапсырыс беріп тұратын. Соңғы кезде сұраныс күрт төмендеп кетті. Өйткен, қазір Ресей рубілінің құлдырауына байланысты көрші елдегі жөке, қолғап болсын басқа тауарлар арзандап, еліміздегі сауда сөрелеріне көптеп жеткізілуде. Бұл мен үшін үлкен проблема. Қазір жазасын өтеуші әйелдер ел қазынасына салығын төлеп жатыр. Егер менің ісім тоқырауға ұшыраса, олар жұмыссыз қалады. Сондықтан, мемлекет тарапынан маған көмек берілсе деймін.

Евгений Щёголев бұл істі 3 жыл бұрын бастаған. Оның айтуынша, жөке шығарумен Қазақстанда ешкім айналыспайды екен. Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, арзанқол жұмысшылардың санын арттыруды ойлайды.

Берик Касен.