Қоғам

Аудармашыларға арналған семинар

Алтынай Сыздықова- Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

– Заявканы- мәлімдеме, өтінім, тапсырыс деп бірнеше синонимдермен жазады. Символды – нышан дейді. Оларды бір ізге келтіру керек. Сондықтан заңға жүгінуге біздің біліктілігіміз оған әрі жетпейді екен. Сондықтан аударма ісін бір ізге келтіру керек.

Мамандар әсіресе қаулыларды шығарғанда қателіктерге жиі бой алдырады екен.

Алтынай Сыздықова- Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

– Әкімдікте біз көптеген бағынышты ұйымдар бар соларға қаулы шағырғанда қателіктер көп кетеді. Сөйлемдердің орындары ауыстырылады.

Кездесуге қатысқандар аудармашыларға арналған әдістемелік шығару қажеттігін де айтты. Ал іс жүргізуші мамамандар болса, мұндай семинарлардың олар үшін маңызы зор екендігін алға тартуда.

Гүлшан Ибрагимова- ҚР Ұлттық Ұланы әскери институтының тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыстар бөлімінің аға офицері

– Мұндай семинарлардың біз үшін маңызы зор. Көп ақпарат аламыз.

Бүгіндері қалалық әкімдікте мемлекеттік тілде жүргізілетін шығыс құжаттарының көрсеткіші 97 пайыз, ал кіріс құжаттары 81 пайызға ғана жетіп отыр. Яғни, әлі де болса бұл бағытта атқарылар шаруа шаш етектен.

Магжан Ахмадина.