Қоғам

Желтоқсанның 17-сі ҚР белгілі гидротехнигі Қаттай Кеншінбаев тірі болса 85 жасқа толар еді

Владимир Бубенко, СҚО әкімінің орынбасары

– Союзцелинвод” тресті Қазақстанның 2 мыңдай елді мекеніне су жеткізіп тұрған. Оның күшімен ел бойынша 50-ге тарта жаңа елді мекен салынды. Петропавл қаласында 150 мың шаршы метр тұрғын үй, балабақша, мектеп, дәрігерлік қосындар мен спорт залдары пайдалануға беріліпті.

Белгілі гидротехник Кеңес одағы тұсында дүниежүзіндегі ең ұзын су құбырын тартып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ, өнертапқыш көзі тірісінде диаметрі 500-700 милиметрлік су тарату құбырларын тат пен қоймалжың қара балшықтан тазалайтын снаряд ойлап тапқан. Осы үшін үш мәрте “Еңбек Қызыл Ту” орденін иеленді.

Еркеш Дайрабаев, Қаттай Кеншінбаевтың інісі

– Өзім бұрынғы Целиноград облысында Нурильский сумен жабдықтау басқармасында байланысшы болып жұмыс істедім. Сол облыста көп ауылдарда су болмады. Халықтың жағдайы қиындау болды. Осы жағдайды көрген Қаттай Кеншінбаев ағам халыққа су жеткізді.

Қаттай Кеншінбаев “Союзцелинвод” тресін 25 жыл басқарған. Әр жылдары АҚШ, Үндістан, Италия, Болгария сынды шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін үйреніп, әріптестерімен бөлісіп отыратын дейді замандастары.

Мұрат Жантілеуов, “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалының бас инженері

– Қаттай Кеншінбевқа көзі тірісінде “Құрмет Белгісі” ордені, “Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген гидротехнигі” және “Петропавл қаласының құрметті азаматы” атағын иеленген. Бүгінде тау тұлғаның есімімен Петропавл қаласының 1 көшесі аталады.

Владимир Тимошин белгілі гидротехникпен 50 жыл дәмдес, сумен жабдықтау саласында 25 жыл әріптес болған. Ол үзеңгілес досы Қаттай Кеншінбевқа арнап өлең шығарыпты. Ол мына жинақта жарық көрді. Сондай-ақ, кітапта 20-шы ғасырда еліне еңбегі сіңген басқа да тұлғалардың есімдері бар. Владимир Тимошин мұны ел ұмытпасын деген ниетімен шығарыпты.

Владимир Тимошин, “Союзцелинвод” трестінің зейнеткері

– “Пахнет время памятью о родном тресте,

И о тебе – лидере нашем и маяке.

Память говорит, что мы были вместе

Спасибо и вечная память Каттай Бектасович тебе!

Солнце дает нам тепло и свет,

А ты оставил на земле свой след

Добра и труда, любви и заботы

И настоящей с нами работы”

Берик Касен.