Мәдениет

“Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер” концерті өтті

Содан соң, өңір басшысының атынан “Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер” облыстық фестивалдің ашылуымен жиналғандарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтап, ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің бірінші орынбасары

– Келер жылы біз Ұлы жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Соғыс қаншама адамның жанын қиды.

Гала концертте алғашқылардың бірі болып, “Балқадиша” вокалдық-фольклорлық халық ансамблі өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым фестивальдің қалалық кезеңінен өтіп, облыстық шараға жолдама алған. Бүгін күміс көмей әжелер “Кестелі орамал” әнін шырқады.

Машуда Ыбыраева, “Балқадиша” вокалдық-фальклорлық халық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Петропавл қаласы

– Репертуарымызда соғыс, жеңіс жайында бірнеше өлең бар. Бүгін “Кестелі орамалды” шырқаймыз.

Сахна төрінде Отан, соғыс зардабы, жеңіс тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, мәнерлеп жырлар оқылды.

Гала концертке фестивальдің аудандық және қалалық кезеңдерінен сүрінбей өткен өнер ұжымдары қатысуда. Олардың саны 20-дан асады. Бүгінгі байқауда шығармашылық ұжымдардың арасынан бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталмақ.

Әдия Ахметова, СҚО арадгерлер кеңесі төрағасының орынбасары

– Бүгінгі сайыста жеңгендер республикаға жолдама алады. Сөйтіп, сонда бақтарын сынамақ.

Сонымен қатар шараға орай театрдың екінші қабатында көрме жайылды. Онда тұрмысқа қажетті заттар мен картиналар, әшекей бұйымдарының бәрі бар. Оларды ардагерлер өз қолдарымен жасаған.

Ахметова Бану.