Мәдениет

“Дана аяз” ертегісі саханаланды

Ақсақал екі балаға өрістегі жылқыны әкеліңдер деп тапсырады. Оны үлкен немересі Алтай орындауға бет алады. Келе жатып жолда біреудің көмекке шақырғанын естиді. Ол шөптерге оралып қалған алма ағашы болатын. Оған қол ұшын берген соң, тағы да діттеген жеріне бет алады. Жолда сарқырамаға да көмектеседі. Сөйтіп, үйіне аман есен атасының жылқысымен оралды.

Мұны көрген Елтай жылап, оған қызғана қарайды. Атасы оны дәл осы тапсырманы орындауға жібереді. Бірақ ол ешкімге де көмек көрсетпейді. Сөйтіп, шайтандарға кездеседі. Соңында өз қателігін түсініп, атасынан кешірім сұрайды.

“Дана аяз” қазақ халық ертегісі. Тундыны 3 актер сомдады. Ертегінің қоюшы режиссер Наталья Гузеева – спектакльді сахналауға біраз дайындалдық, кішкентай көрермендердің көңілінен шығамыз деген үміттеміз дейді ол.

Наталья Гузеева, қоюшы режиссеры, ҚР мәдениет қайраткері

– Бұл ертегінің мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбиелік мәні зор. Бүлдіршіндер осындай туындылар арқылы жақсы мен жаманды ажыратып, сыйластыққа үйренеді. Бұл спектакль балаларға жаңа жыл алдындағы сыйлығымыз.

Тәрбиелік мәні зор ертегіні балалар сүйсініп тамашалады. Қойлым аяқталған соң, алған әсерлерімен бөлісті.

– Маған атаның үлкен немересінің батылдығы ұнады. Бәріне көмектесіп, үлкендердің айтқанын істейді.

 

– Ертегі керемет болды. Жақсылық пен жамандықтың қандай болатынын көрдік.

Ахметова Бану.