Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкерлері ақша ұрлаған екі жігітті қолға түсірді

Ирина Холодова – Петропавл қалалық ІІБ № 1 полиция бөлімінің аға тергеушісі.

– Тексеру барысында қылмыскерлердің ғимарат ішіне пластикалық терезені бұзу арқылы енгені белгілі болды. Олар дүкен ішіндегі сейфтен бар ақшаны қолды еткен. Қылмыскерлердің оңай олжаға кенелуіне ғимаратта күзет пен дабыл жүйесінің болмағаны себеп болып отыр.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында күдікті деген 1975-ші және 1989-шы жылы туған екі жігіт қолға түсті. Оның бірі – Ресей Федерациясының 26 жастағы тұрғыны. Жұмыссыз. Петропавлға туыстарына қонаққа келген. Ал екіншісі – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қамауға алынғандар жасаған қылмыстарын толығымен мойындады. Ал қолды қылған ақшаның жартысын жұмсап жіберген

Екі азамат та бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Аталған факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Кінәлары дәлелденсе олар 3-тен 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Ал тәртіп сақшылары қылмыскерлерге жем болмау үшін сақтық шараларын ұмытпау қажеттігін ескертеді.

Джакупов Самат.