Білім

Облыстық инновациялық идеялардың фестиваль – жәрмеңкесі өтті

Мархаба Қуантаева – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалы директорының орынбасары.

– 80 жұмыс келіп түсті. Оның 66-ы орыс , 14-і қазақ тілінде. Ауыл мектептерінен – 28, аудан орталықтарынан – 13 және Петропавл қаласынан – 39 жұмыс келіп түсті.

Жалпы фестивальге барлығы 100-ге жуық азамат қатысқан. Олардың жұмыстары сегіз секцияға бөлінді. Мәселен, оқу үрдісіндегі ақпараттық-коммунакациялық технология мүмкіндіктері секциясында Данияр Уәлиевтің жобасы үздік деп танылып, ол 1-ші орынды иеленді.

Данияр Уәлиев – № 16 орталау мектептің директоры.

– Ақпараттық-коммунакациялық технология саласында жобамды қорғап, бірінші орынды алып отырмын. Өте қуаныштымын. Жобада мен робата – техниканың маңыздылығын, оқушыларға беретін көмегі туралы айтылды. Жоспарымыз енді осы робата – техника саласын қапламызда және облысымызда барынша дамыту жоспарымызда бар.

Мектеп-шығармашылық идеялардың зертханасы секциясында 12 оқытушының жұмысы таразыланды. Бұл байқауда Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия – интернатының бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Нұғыманованың жобасы мықты үштіктің құрамына енді. Ол осы жобасын үш жыл бойы әзірлеген.

Сәуле Нұғыманова – Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының бастауыш сынып мұғалімі.

– Балалардың логикасына көп назар аудару керек екен. Өйткені облыстық, республикалық олимпиадаларда оқушыларды логикалық ойлауы төмен. Біздің қазақ балалары осы логикадан ақсайды.

Жалпы жеңімпаздардың барлығы түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Джакупов Самат.