Балалар

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып, “Умники и умницы” атты байқау өтті

Иван Бахаров – М. Ломоносов атындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының оқушысы

– Мен тігінмен айналысуды жақсы көремін. Сонымен қатар, түрлі бұйымдарды тоқып, спортпен шұғылданамын. Менің ең сүйікті ісім ол – тігін. Көбіне, бос уақытымда жұмсақ ойыншықтарды тігемін. Осы қолөнерден көп білім алғым келеді.

“Умники и умницы” атты облыстық байқау 2 жыл бойы ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар алдыңғы қатардан көріну үшін үш кезеңнен өтуі тиіс. Ең бірінші, ол – таныстырылым. Екінші – төрешілердің алдында өз портфолиосын көрсету болса, үшінші тестілеу сынағынан өту.

Құдабай Илюкин – облыстық білім басқармасының бас маманы

– Бүгін Петропавлда “Умники и умницы” атты байқау өтіп жатыр. Бұл шараның басты мақсаты, мүмкіндігі шектеулі жандармен мүгедек балаларға көмек көрсетіп, олардың шығармашылығын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Сонымен қатар, балалардың қолданбалы қол өнер туындылары көрсетілді. Бұл бұйымдарды жасауға шыдамдылық пен еңбекқорлық қажет. Ал, ең үздік туындылар Республикалық деңгейде ұсынылатын болады.

Гүлмира Құлқаева – № 1 арнайы түзету мектеп-интернатының дефектолог-мұғалімі

– Сабақтан кейін балалар үйірмелерге, өз таңдауы бойынша барады. Олар тігіп, қағазбен жұмыс жасап, басқа да дағдыға үйренеді. Жасөспірімдер осындай үйірмелердің арқасында, қол моторикасын жетілдіреді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сагыныш Маркашева.