Қоғам

Келер жылдан бастап бюджеттік классификация коды қысқарады

Жібек Күлікова – Петропавл қалалық мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманы.

– Келер жылдан бастап 208 бюджеттік классификация кодының 119 -ы қысқартылатын болады. Бұл 57 пайызды құрап отыр. Мұндай жаңашылдық біздер үшін де салық төлеушілерге де оңтайлы.

Осыған дейін Еліміздің азаматтары 208 бюджеттік классификация коды бойынша түрлі салықтарын төлеп келсе, енді ол 89-ға қысқарады. Мемлекеттік кіріс басқармасының мамандары бұл жаңашылдық заңды және жеке тұлғаларға тиімді екенін айтып отыр.

Жібек Күлікова – Петропавл қалалық мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманы.

– Жаңа заңнама қатысты ақпараттарды тұрғындар “www.salyksko.kz”, “www.petropavl.kz” немесе “www.sko.qov.kz” сайттарынан біле алады. Және біздің мекен-жайымызға келіп, 202 кабинеттегі мамандарымыздан сұрастыруға болады. Сондай-ақ 46-83-24 телефон нөміріне хабарласауға болады. Менің әріптестерім барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Джакупов Самат.