Билік

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Әсет Ысмағұлов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары.

-2013 жылдың ақпан айында департамент жанынан жемқорлыққа қатысты қоғамдық кеңес құрылған болатын. Оның құрамына бизнес саласының өкілдері де кірді. Биыл осы кеңестің 4 отырысы өтті. Айтарлықтай нәтиже бар.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері қаңтар айынан бастап бірқатар мемекемелерде тексеріс жұмыстарын жүргізе бастайды. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бұл ретте салғырттық танытпай, болашақта өз жұмыстарына жауапты қарауды ескертті. Яғни мұның бәрі өрттің алдын алуда септігін тигізетін болады. Сонымен қатар облыс әкімі бұл салада «бір терезе» қадиғаты бойынша қызмет көрсетілу керектігін қадап айтты. Аталмыш жұмыстардың орындалуын қадағалауды Ерік Сұлтанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровқа жүктеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бір терезе қағидатын енгізу керек. Бұл мәселені қарастырыңыз. Және болашақта облыс орталығында қалалық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылысы басталады. Оған арнайы жер бөлуіміз керек. Сол мекемеден төтенше жағдайлар департаменті де орналасатын болады.

Ал Айыртау ауданында биыл сыбайлас жемқорлыққа жол берген 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Ағзам Тастеміров – Айыртау ауданының әкімі.

-Жалпы үстіміздегі жылы Айыртау ауданы әкімінің аппаратына 563 өтініш келіп түсті. Оның 412-і жеке, және 151 – і заңды тұлғалардан. Тағы 24-і виртуалды түрде жолданды. Сондай-ақ, жеке мәселелерімен өзім 122 адамды, 82-ін менің орынбасарларым қабылдады. Олардың барлығының мәселелері қаралып, шешілді. Жалпы жемқорлыққа қарсы шаралар біздің жіті қадағалауымызда.

Айыртау ауданында жылу беретін мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорын бүгінгі күні өз жұмысшыларына айлығын уақытылы төлемей отыр. Ерік Сұлтанов жергілікті басшыға олқылықтың орнын тез арада толтыруды тапсырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Мемлекет өз кәсіпорындарын толықтай қарждыландырады. Сондықтан бұл бағытта ешқандай проблема болмауы қажет. Бұл сұрақты бақылауыңызға алыңыз. Және ол алдағы уақытта шешілу қажет.

Статистика көрсетіп отырғандай, Есіл ауданында биыл жемқорлық фактісі біршама өсіп отыр. Аудан әкімін өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов қатаң сынға алды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Ауданда жемқорлыққа жол беру фактісі алты есеге өскен. Өкініштісі облыста сіздің ауданыңыз көш бастап тұр. Бұл жергілікті аумақта жемқорлықтың алдын-алу бағытында жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмай жатқандығын көрсетеді. Сондықтан болашақта жағдайда дұрыстау қажет.

Жиынды қорытындылаған өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Есіл ауданында атқарылатын жұмыстарды 3 айдан соң ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында тағы бір пысықтауды ұсынды.

 

 

Самат Джакупов.