Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қылмыстардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Бауыржан Рақымжанов- СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы.

-Соның ішінде 2 мыңнан астамы кіші-гірім бұзақылықтар болса, 12 мыңы қоғамдық орындарда мас күйінде жүруге қатысты. Осылардың ішінде ең көп кездесетіні ол жолда жүру ережесін бұзу болып отыр. Ағымдағы жылдың 11 айында 77 мың 113 заңбұзушылық анықталған.

Қылмыстардың алдын алуда тәртіп сақшылары бірқатар шаралар өткізіп жатыр. Десе де бұл аздық етеді деді өңірдің бас прокуроры. Ол өзге де мемлекеттік органдармен жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті.

Степан Зайтлер- СҚО прокуроры.

-Денсаулық сақтау және білім салаларымен қоян қолтық жұмыс жасау қажет. Халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету барлығымыздың ортақ шаруамыз. Сондықтан бұл ретте мемлекеттік органдар да іске кірісуі шарт. Тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да алдын алу шаралары белсенді жүргізілгені керек.

Петрпопавлда қылмыстардың санын азайтуға, қолға алынып жатқан түрлі бағдарламалардың септігі тиіп жатыр. Солардың бірі «Көршілер бақылауы» жобасы. Бізде алғаш болып қолға алынған әдісті бүгінде еліміздің өзге өңірлері де пайдаланып келеді. Айталық, оңтүстік астанамыз Алматы қаласының полицейлері бұл жүйені әрі қарай жетілдіріп, аулаларға бейнебақылау орнатқан. Қазір солардың арқасында қылмыстық көрсеткіштер біршама төмендеген көрінеді. Осы тұста аймақ жетекшісі бұл тәжірбиені бізде де енгізу керектігін айтты.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Бағдарламаға пәтер иелері кооперативтерін барынша қатыстыру қажет. Өйткені ауладағы жағдайды бақылауда ұстап отыруға мүмкіндік туады. Өз кезегінде қылмыстар орын ала қалса, кей материалдарды сол камералардан алып, қолдануға да болар еді. Камера орнатылған үй алаңдарында сонда ешкімнің тәртіп бұзушылық жасауға батылы бармас еді.

Кейін Мамлют ауданындағы заңбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстар жайында Ерболат Бекшенов есеп берді. Ауданда жасалған қылмыстар көрсеткіші өткен жылғымен салыстырғанда 16,4 пайызға төмендеген. Баяндама аяқталған соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов ауданда бұрын сотталғандардың қатысымен жасалатын заңбұзушылықтардың қатары өскендігін ескертіп, бұл ретте қолға алынған шаралар жайлы сұрастырды.

Ерболат Бекшенов- Мамлют ауданының әкімі.

-Шыныменде бізде бұрын сотталған тұлғалармен жасалған қылмыстар саны өткен жылғымен салыстырғанда артты. 5 факті тіркелді. Қазір ондай жандар қатаң бақылауда. Жалпы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандармен де бізде түсіндіру шаралары жүргізіледі. Оларды біз жұмыспен қамтуға тырысамыз.

Кейін ведомствоаралық комиссия отырысында Аққайың ауданындағы қылмыстардың алдын алу жайы баяндалды. Мұнда атқарылып жатқан шаруалар комиссия мүшелерінің көңілінен шықты. Бірақ облыс әкімі Ерік Сұлтанов тізгінді босатпау керектігін ескертті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Жұмысты жалғастырып, қарқын қосыңыздар. Қылмыстың алдын-алу жөнінде біршама шаруалар тындырылыпты, әрине көзге көрініп-ақ тұр. Бірақ әлі кей тұстарды жетілдіре түсу қажет.

 

 

 

Магжан Ахмадина.