Спорт

ҚР Тәуелсіздік күніне орай облыс орталығында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Бауыржан Досжанов – ҚР ҰҰ Жоғарғы институтының спорт және дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы.

-Бұл турнир дәстүрлі түрде курсанттардың арасында өткізіледі. Мұнда Отан қорғаушылар өздерінің ұрыс тактикаларын шыңдайды.

Тартысты кездесуді институттың басшылығынан бөлек кезінде өздеріде қатысқан төрешілер де тамашалауда. Олар соққылар мен қолданылған әдістің тазалығын жіті қадағалауда.

Айбек Харыхбай – жарыстың төрешісі.

-Мұнда қатысушылар түрлі салмақ дәрежелеріне бөлінген. 60 бастап, 90 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде сынға түседі.

Сонымен қатар қоян-қолтық ұрысқа қатысушылар үш минуттың ішінде қарсыласты 10 ұпай айырмасымен артта қалдырса, онда мерзімнен бұрын жеңіске жетуге болады.

Қоян-қолтық ұрыс – нағыз ерлердің спорты. Түрлі жарақаттарға қарамастан, сарбаздар жекпе-жектерін жалғастыруда. Дәл қазір боз кілемге қызыл жейде киген Нұрмамат Бақытбекұлы шықты. Кездесудің алғашқы секундтарынан бастап курсант қарсыласын соққының астына алды. Көк жейде киген спортшы қаншалықты қарсылық көрсеткенімен, Нұрмамат жақсы қорғана алды. Көп ұзамай жауырынын жерге тигізіп, тізе бүктірді. Кездесу Нұрмамат Бақытбекұлының пайдасына 7-2 есебімен аяқталды.

Нұрмамат Бақытбекұлы – ҚР ҰҰ Жоғарғы институтының курсанты.

-Қарсыласым осал емес. Дайындығы мықты. Бірақ көп жылдық тәжірибемнің арқсаында шаң қаптырдым.

Сайыстың қорытындысы бойынша 60 келі салмақ дәрежесінде Уәлихан Күдерхан үздік атанды, ал 65-ке дейінгілер арасында Алтай Рахметов алтыннан алқа тағынды. 70 келіде бірінші орынды Қырғыстан Республикасының курсанты Нұрмамат Бақытбекұлы жеңіп алды, 75 келі салмақта биік тұғырдан Әлішер Бекжігіт көрінсе, 80-ге дейінгілер арасында Дархан Дәулет үздік атанды. Ал салмағы 80 келіден асатын сайыскерлердің ішінде алтын медальді тағы бір Қырғыстан Республикасының курсанты Нұржілек Оразбекұлы жеңіп алды.

 

 

 

Риат Шони.