Билік

ҚР Тәуелсіздік мерекесінде 144 отбасы жаңа қоныс тойын тойлады

Салтанатты шараға жиналған азаматтардың көңілдері қуаныштан толқып тұр. Себебі бұл жандардың көптен күткен армандары орындалды. Людмила Милютина №26-шы мектеп балабақшасында қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Ол пәтер кезегінде 9 жыл бойы тұрған.

Людмила Милютина – қоныс той иесі.

-Менің отбасым үшін ерекше күн. Өйткені мен бұл күнді 9 жыл күттім. Осы 9 жылдың ішінде маған 14 рет көшуге тура келді. Енді міне баспаналы болып жатырмын.

Кенжебай Айсин 1986 жылы Черноболь апатының салдарын жоюға қатысқан азамат. Бүгін міне, 2-ші топтағы мүгедектің жанұясы тәуелсіздік мерекесімен қатар, қоныс тойын тойлап жатыр.

Кенжебай Айсин – қоныс той иесі.

-Пәтерді жалдап тұратынмын. Үй кезегінде 10 жыл тұрдым. Қиын болды. Бүгін өте қуаныштымын. Елбасына, облыс әкіміне үлкен рахмет.

Бұл күні 5 қабаттан тұратын екі тұрғын үй халық игілігіне берілді. Жиналғандарды облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бірқатар қала тұрғындары жаңа пәтерге қол жеткізіп жатыр, құтты болсын. Едбасы Нұрсұлтан назарбаевтың “Қолжетімді баспана – 2020″бағдарламасы асында облысымызда құрылыс саласы қарқынды дамуда. Елбасының жаңа жолдауы да болашақта баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Бұдан соң өңір жетекшісі пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Жаңа баспанаға ие болған облыстық туберкулезге қарсы диспансердің фтизиатр дәрігері Динара Кәрменова, қуанышын жасырмады.

Динара Кәрменова – Қоныс той иесі.

-Жаңа пәтер кілтіне ие болып отырмын. Қуанышымда шек жоқ. Арманымның орынлдалғанына төбем көкке жетіп отыр. Елбасына, Ерік Хамзаұлы сізге үлкен рахмет. Тәуелсіздік мерекесі, келе жатқан жаңа жыл құтты болсын.

Бұдан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Хасановтар отбасының құтты қонағы болып, Ұлы Отан соғысының ардагері Рауф Хасановты жаңа қонысымен құттықтады. 89 жастағы ардагер 1943 жылы майданға аттанып, елге тек 1948 жылы оралған. Қазір қария үш баладан 5 немере, 8 шөбере сүйіп отыр.

Рауф Хасанов – қоныс той иесі, ҰОС ардагері.

-Ардагерлерді ұмытпай, жаңа пәтер беріп жатқан мемлекетке ризашылығым шексіз. Үй жылы, жарық. Бізге бұдан артық не керек? Бәріне рахметімді айтымын. Елімізде тыныштық болсын.

Ал Любовь Еньшина жастайынан Петропавл балалар үйінде тәрбиеленген. Қазір отбасын құрып, екі баланың анасы атанып отыр. Азаматшаға 2 бөлмелі пәтер берілді.

Любовь Еньшина – қоныс той иесі.

-Тәуелсіздіктің 23 жылдығы менің отбасымның есінде мәңгіге сақталады. Көңіл күйім керемет. Елбасына, облыс басшылығына алғысымды білдіремін. Бүгінгі мейрам баршымызға құтты болсын дегім келеді.

Жаңа үйлердің сапасы жақсы. Оны арнайы коммисия мүшелері бернеше тексерістен өткізіп қабылдаған.

Серік Сабралин – Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің басшысы.

-Үйлердің сапасын алдымен біз тексереміз. Кейін техникалық бақылау қызметі қарайды. Содан соң Нұр Отан партиясы және депутаттар қадағалайды. Сапасы жақсы деп айта аламын. Оның үстіне жаңа үйге 2 жыл кепілдеме беріледі.

Жалпы биыл Петропавл қаласында 8 көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне тапсырылады деп жоспарланып отыр.

 

 

Самат Джакупов.