Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Осыдан 23 жыл бұрын ҚР тарихи таңдау жасап, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бүгінгі таңда Қазақстан әлем қауымдастығы алдында абыройы биік, мәртебесі жоғары ел. Аз ғана уақыт аралығында еліміз қарқынды дамып, тұрақты саясат пен бірліктің арқасы бүкіл әлем таныған дәрежеге жетті. Тәуелсіз Қазақстанның дамуына көп ұлтты СҚО тұрғындары да лайықты үлестерін қосуда. Оған жыл сайынғы өңірімізде болып жатқан оң өзгерістер дәлел. Білім, денсаулық, құрылыс саласы жылдан – жылға дамып келеді.

Салтанатты жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мемлекеттік наградалар табыс етілді. Мұндай марапатқа тәуелсіздік жылдары өңірдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар ие болды. Мәселен «Парасат» ордені «Зенченко и К» КС-нің директоры Геннадий Зенченконың кеудесміне тағылды. Ал «Құрмет ордені» болса, 6 азаматқа табысталды.

Қайырлы Едіресов – облыстық мәслихат хатшысы.

-Тәуелсіздік біздің ұлық мереке. Егемендіктің арқасында еліміз көркейіп, үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз. Сондықтан тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. Елімізде байлық болсын, бірлік болсын.

Екпін Әбиев – Жамбыл ауданына қарасты «Екпін – 2002» ЖШС директоры. Кәсіпкердің бірнеше жылғы еңбегі зая кетпеді, бағаланды. Азамат кеш барысында «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Екпін Әбиев – «Екпін-2002» ЖШС директоры, Жамбыл ауданы.

-Үйдің, елдің тыныштығын бұзуға болады, тәуелсіздік үшін. Өтйкені тәуелсіздіксіз үйдің, елдің да тыныштығы болмайды. Сондықтан Қазақстан 20 жылда жеке ел болды. Өсіп бүгінгі жағдайға жетті. 20-25 жылда істеген еңбектер бар. Еленіп жатыр. Ол біздің азын аулақ еңбектің арқасы.

Сондай-ақ басқосуда 4 адам «Шапағат» медальімен және 10 жерлесіміз Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен марапатталды. Жалпы тәуелсіздіктің 23 жылы ішінде Қазақстанның беделі биіктеді. Бүгінгі күні мемлекеттік туымыз тұғырлы, шаңырағымыз берік. Салтанатты шара соңы өңіріміздің көркемөнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

Самат Джакупов.