Қоғам

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана республикадағы ең үздік деген атқа лайық деп табылды

Бейбітгүл Әбілмәжінова, С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың директоры.

-Біздің кітапхананың «Facebook» әлеуметтік желісіне тіркелгеніне 5 жыл болды. Байқауға қатысу үшін интернет арқылы біз өзіміз және оқырмандарымызбен дайындалдық. Сөйтіп, 21 қарашада тәулік бойына дауыс жинау өткізілді. Ұжым сол күні түнгі 3-ке дейін жұмыс істеді. Сөйтіп біз 1,5 мың дауыс жинап, жеңімпаз атандық. Бізге дауыс берген халыққа алғысымды білдіремін.

Байқау Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының 10 жылдық мерейтойы аясында кітапхананың имиджін көтеріп, оқырмандармен байланысты нығайту, сондай-ақ кітапқа, оқуға деген құштарлықты ояту мақсатында ұйымдастырылыпты.

Бейбітгүл Әбілмәжінова, С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың директоры.

-Байқау аясында екі күндік форум ұйымдастырылды. Оған қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, журналистер, танымал тұлғалар қатысты. Сол шарада байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Біздің жеңісіміз жұмысымыздың нәтижесі және әрі қарай қызметімізге серпін береді деп ойлаймын.

80 жылдық тарихы бар аталмыш кітапхананың бүгінгі күні оқырмандары 30 мыңнан асып жығылады. Қорда 600 мыңнан астам кітап бар. 14 бөлімше, электронды кітапхана және 4 сайт жұмыс істейді. Мұнда халыққа 72 адам қызмет көрсетеді. Жыл сайын жаңа ақпараттық технологияларды игеруде.

Павел Старков, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана директорының жаңа ақпараттық-технологиялар бойынша орынбасары.

-Біздің ктіпахана кітаптарды сканерлеп, интернетке салумен де айналысады. Соңғы уақытта көп жобаларды жүзеге асырудамыз. Солардың ішінде “мобильді кітапхана”. Бұл жоба электронды кітапханаға кіруге мүмкіндік береді. СМС тарату жүйесін де халық көптеп пайдалануды. Онда тұрғындар біздің кітапханаға түскен жаңа әдебиеттер және тағы да басқа іс-шаралар жайында хабардар бола алады.

Мұндағылар байқауда жеңіп алған қаражатты кітапхананың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға жұмсауды көздеп отыр.

 

 

 

Бану Ахметова.