Қоғам

Петропавлдың дамуына үлесін қосып жүргендер марапатталды

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкім.

-Осындай жетістікке елбасы Н.Назарбаевтың арқасында жетіп отырмыз. Қазақстандықтар бір шаңырақ астында тыныш өмір сүруде.

Бұдан соң қаламыздың дамуына үлестерін қосып жүрген азаматтар марапатталды. Солардың арасында Мария Псарева да бар. Ол шаһар басшысының қолынан “Алтын алқаны” иемденді. 34 жастағы келіншек осы жасында 8 баланың анасы атанып отыр. Бұндай бақытқа кенеліп отырған нәзікжанды балаларын еліміздің нағыз бетке ұстар азаматтары етіп тәрбиелейтіндігін айтады.

Мария Псарева – “Алтын алқа” иегері.

-Осындай наградаға ие болғаныма қуаныштымын. Өз балаларымды отанымыздың ұлтжанды, патриот, білімді етіп тәрбиелеуге тырысамын.

Мариядан басқа бұл күні тағы 10 азамат награда алды. Олар қала әкімінің диплом және грамоталарымен марапатталды.

Ерекше ілтипатқа бөленгендер облысымыздың әр саласында еңбек етеді. Олардың әр бірі күнделікті қажырлы еңбектері арқылы еліміздің дамыуына қомақты үлестерін қосып жүр.

Елена Балло – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары.

-Салтанатты жиын ел тәуелсіздігінің 23 жылдығына орайластырылған. Шара барысында қошеметке бөленген жандар -облысымыздағы экономика, өнеркәсіп, әлеуметтік салалардың дамуына үлесін қосып жүрген азаматтар.

Мерекелік шара соңы концертке ұласты.

 

 

 

Бану Ахметова.