Билік

Петропавлда жаңа жылдық шырша шамдары жағылды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысның әкімі.

-Біз бүгін жаңа жыл шыршасын жағуға жиналып отырмыз. 2015- ші жаңа жыл баршамызға құтты болсын. Бақытты болыңыздар. Елімізде бейбітшілік пен жақсылық ғана болсын.

Бұдан соң, облыс әкімі Ерік Сұлтанов сиқырлы таяқшаның көмегімен жаңа жылдың басты нышаны – әсем шыршаның шамдарын жақты. Қалаға көрік беріп, алыстан мен мұңдалап тұрған шыршаның биіктігі – 20 метр.

Елена Балло – Петропавл қаласы әкімнің орынбасары.

-Облыс орталығындағы басты жаңа жылдық шыршаны безендіруге 60 мыңнан астам жарық диотты шамдары жұмсалды. Дәл осы сынды шырша тағы Солтүстік жұлдызы саябағына, вокзал аумағына және Николай Погодин атындағы орыс драма театры маңында қойылатын болады. Мұнымен қоса қаланың әртүрлі аудандарында 13 мұз қалашығы салынады. Сондай-ақ, Қазақстан Конституциясы көшесіне түрлі-түсті жарықтар орнатып жатырмыз.

Кейін әртүрлі мерекелік киім киген өнерпаздар Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, шыршаны айнала әсем әуенге салды. Осылайша, кештің көркін қыздырып, қала тұрғындарымен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлады. Ал халық болса, келер тоқты жылының жемісті болатынына сенімді.

Салтанатты шара барысында мерекелік от шашу болды. Айта кету керек биыл облыс орталығын жаңа жыл мерекесіне орай безендіруге жергілікті қазынадан 55 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініпті.

 

 

 

Самат Джакупов.