Әр түрлі

Петропавлда Тәуелсіздік күні қарсаңында кептерлер көрмесі өтті

Мұнда көгершіндердің 50-ге жуық түрін кездестіруге болады. Көбі селекциялық жолмен шығарылыпты. Кейбірі тауысқа ұқсаса, енді бірі бүркіттен айнымайды. Мәселен, мына екі тонды өзбек көгершіні, құсбегінің ең сүйіктісі қанаттысы.

Петр Бондаренко – қатысушы, Талдықорған қаласы.

-Бұл көгершіннің түрі несімен ерекшеленеді? Ол аспанда ұшқан сәтте, қызық пируэт жасайды. Ол тек қана ұшпай, билеп те қонады.

Қазылар алқасы кептерлерді балдық жүйемен бағалайды. Әділ өту үшін әрбір тордың шекесінде кептерлер жеткізілген қала атауы емес, жай ғана нөмір жазылған.

Виктор Калеганов – “Возрождение” құсбегілер клубының төрағасы, Петропавл қаласы.

-Көгершіндер 100 балдық жүйемен бағаланады. Мәселен, екі тонды өзбек кептерінің көзі мен мұрнына назар аударады. Осыдан ортақ балл шағарылады.

Көгершіндер көрмесі солтүстікқазақстандықтардың шын көңілінен шықты.

Бейбітшілік белгісі саналатын қанаттылардың арасында ағылшын тұқымы, француз бұйрабасын да кездестіруге болады. Бұл кептер көрмесі теріскейде екінші рет ұйымдастырылды.

 

 

 

Сагыныш Маркашева.