Билік

Сенат, Мәжіліс депутаттары СҚО активімен Елбасы Жодауын талқылады

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Бұл әр қазақстандық үшін ерекше маңызы бар құжат. Жолдауда барша халықтың, әрбір отбасы мен жеке адамның әл-ауқатын жақсарту бойынша нақты іс-қимыл жоспары айқындалған.

Өңір жетекшісінен кейін сөз алған ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ұлттық қордан бөлінген қаржының тиісті мақсаттарға дұрыс жұмсалуына әр сала мамандары жауапты екенін айтты.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

-Бүгінде Ұлттық валюта қоры 105 млрд долларға жетеді. Кезінде үкімет бұл ақшаларды әр салаға бөліп беруді ұсынған. Бірақ Президент оның мемлекеттік құрылыстың ең бір қиын жылдарына керек болатынын сол кезде сезді. Сонда Елбасымыз ел қазынасына салық дұрыс түсе бастағанда ғана инфрақұрылымдарды дамытуға ақша бөле бастаймыз деген болатын.

Кейін стратегиялық құжаттағы 7 басым бағытының бірі көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жайына тоқталды. Елбасымыз өз сөзінде жол- өмірдің өзегі, байқуатты тірліктің қайнар көзі деп бекерге айтпаса керек. Елімізде транзиттік тасымалдардың 40 пайызы темір жолдар арқылы жүзеге асырылады екен. Қазақстан биыл Иран мен Парсы шығанағы арқылы тікелей теңізге шығуға мүмкіндік алды. Владимир Божко осы елдермен ынтымақтастығымызды арттырсақ халықтың материалдық тұрғыдағы дәулеттілігі еселенеді деді. Бұжан кейін өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Әсемгүл Есқожа, “Азаматтық бастамалар институты” ҚБ төрайымы.

-Еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуын тежеп жатқан қандай обективті себептер бар. Және оны шешу үшін қандай әдістер ұсынар едіңіз.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

-Бұрындары шағын кәсіпкерлерді тұтынушылар құқығын қорғау мен өрт сөндіру мекемелерінің мамандары жиі тексеріп, істің дамуына тұсау салатын. Менің тапсырмам бойынша ол тексерістер 48 пайызға қысқартылды. Алайда шағын және орта бизнеске жарияланған мараторий күшін жойғасын да бей-берекетсіз тексерістерге жол берілмейді. Бәрі жоспарлы, заң аясында ұйымдастырылады.

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов мұны жіті бақылауында ұстап жүргендігін айтты.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Облысымызда айта берсе проблемалар жетерлік. Біз кәсіпкерлердің проблемаларын облыстық әкімдік жанында өтетін үйлестіру кеңесінде біраз талқылаймыз. Биыл менің блогыма шағын және орта бизнеске қатысты 1000 сауал түсті. Мен оның барлығын білемін.

Ұлт көшбасшысы мен аға буын өкілдері салып кеткен сара жолды ертең жастар жалғастырмақ. Сондықтан егеменді еліміздің мәртебесін асқақтату солардың еншісіндегі іс.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

-Қазыбек би 19 жасында айтқан сөз: “Біз қазақ, мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, еліміздің шетін жау баспасын деп. Найзаға үкі таққан елміз. Ешбір жауы басынбаған елміз. Дәм-тұзды ақтай, достықты сақтай білген елміз. 1700 жылы айтқан сөзі бүгінге жақсы келіп тұр.

Жұманғали Қожахметов, зейнеткер.

-Президентіміздің арқасында көп мәселе шешіліп жатыр. Аллаға шүкір, алда елбасының арманы орындалып, жасымыз да кәріміз де сол қызықты көретін болайық.

 

 

Берик Касен.