МТРА жаңалықтары

Республикалық ақпараттық үгіт-насихат тобының өкілдері судьялармен кездесті

 

2015 жылдың 1-ші қаңтарынан жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс қолданыла бастайды. Мақсат – қылмыспен күрес қызметін жетілдіре отырып қылмыстық жазалауды ізгілендіре түсу.

Юлия Иванова – облыстық соттың судьясы.

-Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы Сотта Азаматтық процессуалдық кодексті өңдеу ісі аяқталуда. Бұл кейін, мәселен медиция секілді татуластыру үрдісіне арналған әлемдік тәжірибені ескере отыра, азаматтық-құқықтық дау-дамайларды қарастыруды жеделдетуге, оңтайландыруға және түрлендіруге септеседі. Сондай-ақ, Әкімшілік процессуалдық кодекс өңделуде.

Сенат депутаты Георгий Ким Парламентте Жолдау аясында атқарылып жатқан істерге тоқталды. Мәселелен, халық қалаулылары салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастыруда.

Георгий Ким – ҚР Парламенті Сенатының дапутаты.

-Мұнда кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық рақымшылық жүргізу туралы қолдау және жеке кәсіпкерліктің қызметін тоқтату туралы үрдісті оңтайландыру қарастырылған. Мұндай мәселелер сіздердің жұмыстарыңызда жиі кездеседі деп ойлаймын. Сондай-ақ, кәсіпкерлік кодексі әзірленуде.

Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы барлық заңнамалық нормаларды және жеке меншік институтын заңнамалық түрде нығайтуға септеседі және бизнестің дамуына кедергі тудыратын жайттарды жоюды көздейді. Жиын барысында сөз алған Парламент Сенатының депутаты Серік Біләлов Елбасы тапсырмаларын орындауда жұмыла жұмыс істеудің нәтижелі болатынын атап өтті.

 

 

Данаш Хамзина.