Қоғам

“Қазпочта” АҚ СҚОФ-ың бөлімдері жаңа үлгіде қызмет көрсетуде

Людмила Дерман – “Қазпочта” АҚ СҚОФ №7 пошта қызметі қалалық бөлімінің жетекшісі.

-Біздің бөлімшенің “Бір деңгейде қызмет көрсету” форматына көшкеніне бір айдан астам уақыт болды. Бізге де клиеттерге де өте ыңғайлы. Әсіресе мүгедек жандарға үшін тиімді деп айта аламын.

Александра Ткаченко 84 жаста. Көнекөз қарияның сәлемдемелер алуға, не болмаса жолдауға облыс орталығындағы №7 пошта қызметі қалалық бөліміне келіп жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болды. Оның айтуынша, жаңа тұғырлар әсіресе зейнеткерлерге өте ыңғайлы. Себебі кейбір қариялардың оператормен түрегеп тұрып тілдесуге бойлары да жетпейтін.

Александра Ткаченко – зейнеткер.

-Бұрынғы кезде шыны керек ыңғайсыз болған еді. Кейде қол қою үшін, тіптң зейнетақымызды санап алған кезде бағанаға бойымыз жетпей біраз қиындықтар туындап жататын. Енді міне бәрі жақсы. Барлық қызмет көрсету орындарында осындай жағдай жасалса нұр үстіне нұр болар еді.

№7 пошта қызметі қалалық бөлімінен бөлек бұл жаңашылдық №9-шы бөлімде де орнатылды. “Бір деңгейде қызмет көрсету” форматының енуін қала халқы құптап отыр.

Қазіргі таңда қаламызда 13 бөлімнің ішінде тек екеуінде ғана жаңа формат үлгісі енгізілген. Келер жылы облыс орталығындағы барлық бөлімдер “Бір деңгейде қызмет көрсету” форматына көшірілмек.

 

 

Риат Шони.