Бизнес және экономика

Кембағал-кәсіпкерлерге үлкен қолдау

Жангелді Айтқұлов – ІІІ топтағы мүгедек.

-Бүгін сыйлыққа көпфункционалды принтер алдым. “Даму-Көмек” бағдарламасы өте тиімді, алда да көмектеріне жүгінемін. Шексіз алғысымды айтамын.

“Еуразиялық Банк” АҚ Даму қорымен 2014 жылы жас және де мүгедек кәсіпкерлерге өз ісін дөңгелетуге көмек көрсету үшін келісшартқа отырған болатын. Бұл бағытқа қаржы институты ел бойынша 1 млн теңге қаржы бөлген. Аталған соманы бүгінде 16 мүгедек кәсіпкер өз кәдесіне жаратқан екен.

Гүлмира Жакупова – «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры СҚОФ бас менеджерi.

-Жарияланған бағдарлама аясында “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры демеуші мен кәсіпкерді байланыстыратын көпір болып табылады. Бұл мемлекеттік бағдарлама мүгедек-кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

“Даму-Көмек” бағдарламасын жүзеге асыруға 2011 жылдан бастап еліміздің өзге де банктері ат салысуда.

 

 

Риат Шони.