Спорт

Жерлес спортшымыз ерледі


Дарья Назарова – спортшы

– Әлем көлеміндегі сайысқа алғаш рет қатыстым. Бұл жарыс мен үшін қиын болды. Қарсыластарым осал емес.

Міне, осы әдіспен 9 жасар Дарья қарсыластарын тізе бүктірді.

Байрақты додаға 17 елдің 1600-ге жуық спортшысы жиылыпты. Жалпы Қазақстан құрамасынан 62 спортшы қатысқан. Ал біздің өңіріміздің намысын жалғыз Дарья Назарова қорғады. 3 күндік жарыста жерлесіміз бапкерлердің үмітін ақтапты.

Владимир Хван – жаттықтырушы

– Бұл жарысқа біз көп уақыт бойы дайындалдық. Дарьяның әлем чемпионатында осындай жетістікке жеткеніне мен ризамын. Бұл спортшыға мен үлкен үміт артамын.

Енді жас спортшы қаңтар айының басында, Алматы қаласында таэквандодан өтетін Қазақстан чемпионатында бағын сынамақ.

Сагыныш Маркашева.