Бизнес және экономика

“Рубин” дәмханасы ашылды

Дәмхана ауыл тұрғындарына 5 қарашадан қызмет көрсете бастады. Қоғамдық тамақтану орнын жеке кәсіпкер Людмила Свяженина ашып отыр. Азаматша “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасының көмегіне жүгінген. Сөйтіп, 3 млн теңге субсидия алыпты. 5 жылға берілген несиенің үстімеақысы 6 пайызды құрайды.

Людмила Свяженина, “Свяженина” ЖК директоры, Қызылжар ауданы, Петерфельд аулы

– Өз ісімді ашуды бұрыннан жоспарлап жүрген едім. Бірақ батылым жетпейтін. Сөйтіп, менің едеямды құрбым Оксана Сергеевна қолдап, бірге дәмхана ашуға кірістік. Ауылда қаңырап бос жатқан ғимаратты сатып алып, қоғамдық тамақтану орынын аштық. Мұның бәріне қаражатымыз жетпейтін болғандықтан мемлекеттің қолдауына жүгіндік.

Жалпы, бизнесвумен өз ісін ашуға шамамен 12 млн теңге жұмсапты. Сөйтіп, жұмыссыз жүрген 3 азаматты тұрақты еңбекпен қамтып отыр. Алдағы уақытта тағы осынша адамды қызметке алуды жоспарлауда. Ал жалпы, дәмхана 50 адамға шақталған.

Людмила Свяженина, “Свяженина” ЖК директоры, Қызылжар ауданы, Петерфельд аулы

– Жұмыс істеп жатқанымызға бір ай болып қалды. Түрлі іс-шараларды да өткіздік. Жұмысымыздың нәтижесі бар. Ал, жалпы, бизнеспен шұғылданам деген азаматқа мемлекеттен қолдау бар. Елбасы да жуырдағы халыққа жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға алдағы уақытта да көп көңіл бөлінетінін айтты. Сондықтан, өз ісін ашам дегендерге мүмкіндікті пайдаланып қалуға кеңес берер едім.

Ауылда дәріхана жоқ. Мұндай мекеме де тұрғындарға ауадай қажет дейді жеке кәсіпкер. Сондықтан, алдағы уақытта мемлекеттің қолдауына тағы бір жүгініп, дәріхана ашсам деп жоспарлауда.

 

Ахметова Бану.