Спорт

Петропавлдық гимнастшылар дүбірлі додада жеңімпаз атанды

Лариса Ращепкина – гимнастикадан БЖСМ көркем гимнастикадан бапкері

– Халықаралық жарысқа 8 қала өкілдері қатысты. Оған Ресей Федерациясының Қорған мен Новосібір қалалары да келді. Біз толық бағдарламамен алғаш рет қатыстық. Қиындықтар болды. Келген командалардың барлығы мықты, дайындықтары шыңдалған. Қыздар қобалжыса да барын салып, өнер көрсетті. Тынымсыз еңбектің жемісі міне – алтын медаль.

8-9 жасар қыздардың бұл алғашқы ірі жеңістері. Қыздарды Лариса Ращепкинадан бөлек, Анжелика Шарипова мен хареограф Елена Мустафина жаттықтырады. Міне, дәл қазір Елена Мустафина өз қыздарына биді таза орындаудың маңыздылығын түсіндіруде.

2005-2006 жылдары туылған жастардың арасындағы дүбірлі додада біздің гимнастшыларымыздың басты қарсыластары Астана мен Алматы қалаларының өкілдері болған. Жарыстан енді оралған қыздардың айтуынша, олардың қарсыластары дайындап әкелген би мықтырақ болған, деседе жерлестеріміз әділ қазылардың көңілінен шығып, жеңіспен оралды.

Лейнур Қадырбаева – көркем гимнастикадан «Снежинка» үшінші халықаралық балалар турнирінің жеңімпазы

– Жарыста өте қиын болды. Алайда, біз ол қиындықтарды жеңіп бірінші орын алдық.

Әмина Ибадулла – көркем гимнастикадан «Снежинка» үшінші халықаралық балалар турнирінің жеңімпазы

– Біздің басты қарсыластарымыздың бірі – Астана қаласы болды. Олардың дайындықтары мықты, әрі жеңістен дәмелі еді Бірақ әділ қазылар біздің пайдамызға шешім қабылдады.

Жас спортшылардың алдағы жоспары ауқымды. Олар енді, келер жылдың наурыз айында өтетін көркем гимнастикадан облыс чемпионатында өнер көрсетпек.

 

Риат Шони.