МТРА жаңалықтары

Өңірімізге республикалық ақпараттық үгіт-насихат тобы келді

Ондағы басты мақсат Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауын түсіндіру. Мұнда министрдің орынбасары маңызды құжатта басымдық берілген негізгі бағыттарды атап өтті. Ұлт көшбасшысының көлік-логистикалық салаға, энергетика және әлеуметтік секторға ерекше назар аударғандығын тілге тиек етті. Кейін Владимир Божко бастаған топ «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалында азаматтарды қабылдады. Мұнда түрлі бұйымтайын арқалап келген 8 солтүстікқазақстандық республикалық үгіт-насихат тобының өкілдеріне өз сауалдарын жолдады. Олар жұмыспен қамту, суда құтқару қызметкерлерінің статусын арттыру және зейнеткерлік реформаға қатысты мәселе көтерді. Бұдан соң қонақтар ЕС 164/6 түзету мекемесіне соқты. Бүгіндері мұнда 267 қыз-келіншек жазасын өтеуде. Ақпараттық топ мүшелері мұндағы кітапхана, монша, асхана, медициналық пункт және тігін цехтарын аралады. Бұдан соң үгіт- насихат тобы Петропавлдағы № 1 өрт сөндіру бөліміне ат басын бұрды. Меймандардың назарына апаттық- құтқару техникасы мен жабдықтары, құтқарушылардың киім- жарақтары мен арнайы құралдар ұсынылды.

Владимир Божко- ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары

 

– Біз мұнда 4 күндей жұмыс істейтін боламыз. Халыққа Елбасы жолдауын түсіндіріп, кәсіпорындарды аралаймыз. Тұрғындардың проблемаларын тыңдап, оларды шешуге тырысамыз. Ал мүмкін еместерін тиісті ведомстава, министрліктерге жеткізіп, солармен бірлесе отыра олардың шешімін қарастыратын боламыз.