МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссия өз жұмысын жалғастыруда

Қанат Баркитов – Петропавл қалалық әкімдігінің мүлікті заңдастыру бойынша комиссия хатышсы.

– Мүлікті заңдастыру акциясы басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін бізге қала тұрғындарынан 132 өтініш келіп түсті. Олардың көбі құрылысқа қатысты болып отыр. Біз негізінен жаңа нысанның санитарлық, өрт қауіпсіздігі нормаларына баса назар аударамыз. Егер бұл талаптар орындалмаса, өтінішті кері қайтарамыз. Қыркүйек айынан бастап, 48 адамның өтініші қанағаттандырылды, 31-кі кері қайтарылды. Ал 26-н қараудан бас тарттық. Себебі соңғыларында еш нормалар сақталмаған.

Бүгінгі күні жылжымайтын мүлікті заңдастыруға байланысты арнайы комиссия жұмыс істейді. Оның құрамында 14 азамат бар. Комиссия өкілдері аптасына кем дегенде 15 адамның өтінішін қарап, шешім шығарады. Оның үстіне туындаған мәселелеріңіз болса, қалалық әкімдікке келіп, кеңес алуға болады. Ол тегін жүргізіледі.

Қанат Баркитов – Петропавл қалалық әкімдігінің мүлікті заңдастыру бойынша комиссия хатышсы.

– Жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы басталған бетте, бізге жұртшылық көптеп келетін. Уақыт өткен сайын олардың қатары азаюда. Егер азаматтардың өтінішін комиссия мүшелері кері қайтарса, олқылықтың орнын толтыруға болады. Яғни жаңадан үй маңынан салынған монша не болмаса сарай, тіпті гараж болса, оларды барлық талаптарға сай етіп келтіріп, нысанның төлқұжатын дұрыстау қажет. Бұдан соң біз азаматтың арызын қайта қарастыратын боламыз.

Республика көлемінде бастау алған акция 2015 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғасатын болады. Ал құжатты қабылдау сәйкесінше келер жылдың қараша айында аяқталмақ.

Джакупов Самат.