Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіске тұқым сатып алуды қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды

Рустам Жанатаев – “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ҰҚ” АҚ СҚО құрылымының директоры

– Қаржыландыру әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілі бойынша жүзеге асады. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы, “Қазагро” холдингі” АҚ еншілес кәсіпорындары және басқа да қаржылық ұйымдардың алдында берешектің болмауы – басты шарт. Агро-өнеркәсіптік кешендер міндеттемелерін 2015 жылдың 1-ші қарашасына дейін орындауы тиіс.

Сонымен қатар, ұлттық компания мемлекеттік қорға астық сатып алуды бастады. Бұл жерде ұсақ шаруа қожалықтарына да жақсы жағдайлар жасалған. Енді олардан 1 тонна бидай 42 мың теңгеден сатып алынады. Бұған дейін сұндай жоғары баға қосымша құн салығын төлеп келетін ірі мекемелерге ғана қарастырылған болатын.

Рустам Жанатаев – “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ҰҚ” АҚ СҚО құрылымының директоры

– Сонымен қатар, біз 4 және 5 санаттағы астық және арпаны сатып алуға арналған бағдарламаны жалғастырудамыз. Одан бөлек, көктемде егіс жұмыстарына берілген қаражатты қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Өз қарыздарын өтей алмаған шаруа қожалықтары берешекті тағы бір ай көлемінде өсімпұлсыз қайтара алады.

Сондай-ақ азық-түлік келісімшарт корпорациясында нан қабылдау орындары басшыларынан астықты сақтау туралы өтініштер қабылданады. Ұлттық компания өңірдегі 54 элеватордың 20-сымен әріптестік орнатқан. Қазірдің өзінде облысымыздың агроқұрылымдарынан 60 мың тоннаға жуық астық сатып алыныпты.

Сагыныш Маркашева.