Бизнес және экономика

Екі ел арасындағы өзара әріптестік

Ерлан Әукенов- СҚО әкімінің орынбасары

– Біз сіздермен экономикалық, кәсіпкерлік саладағы байланыстарды ғана дамытып қоймай, сонымен қатар медицина, білім және мәдениет салаларындағы қарым-қатынастарды дамытуға мүдделіміз. Екі мемлекет үшін өнеркәсіптік потенциалды арттыру маңызды. Сіздердің өңірлеріңіз металға бай өлке. Сондықтан бізге металл мен бар технологияларды меңгеру қажет.

Кейін Ерлан Әукенов Челябіден келген кәсіпкерлерге өңір кәсіпорындары жайлы баяндап берді. Өз кезегінде меймандар өлкелеріндегі зауыттар туралы айтып, әріптестікке қатысты өз ұсыныстарын жасады.

Сергей Закарлюкин- «Метчив» ЖШҰ ҒӨК бас директоры, Ресей

– Біз тауарымызды сату үшін және өзімізде шығарылатын радиалдық құралдарды техникалық түрде қолдана алатын әріптестерді іздестірудеміз. Бұл салада өзіміздің инновацияларымызды да енгізгенбіз.

Ал құрылысқа қажетті материалдарды өндірумен айналысатын “Стройтехника” зауыты тауарының 17, 5 пайызын Қазақстанға жеткізеді екен. Яғни, құрылыста аталмыш компанияның блоктары мен кірпіштері кеңінен қолданылады. Олар келешекте Петропавлда қоймалық базаларды салуды қолға алмақ. Кездесу соңында екі жақ естелік сыйлықтармен алмасты. Тағы бір айта кететін жайт, 2015 жылдың басында өңір делегациясы Челябі облысына жұмыс сапарымен бармақ.

Магжан Ахмадина.