Бизнес және экономика

Қазақстан Ресей арасындағы әріптестікті нығайту

Тұрар Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының экономика мәселесі жөніндегі орынбасары

– Челябі облысынан кездесуге жол құрылысына қажетті техника шығаратын, металл бұйымдарын әзірлейтін зауыт өкілдері келіп отыр. Біздің кәсіпкерлер олармен кездесу барысында өзара тәжірибе алмасып, кейін келісім-шартқа отыруы мүмкін.

Челябі облысы қара, түсті металлдарды өндіру және машина құрастыру бойынша Ресейде көш бастап тұр.

Сонымен қатар онда жаңа технологиямен құрылыс индустриясына қажетті материалдың сан түрін шығарылады.
Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес әлеуметтік жалдамалы баспаналардың тұрғызылуына ұлттық қордан қосымша 180 млрд. теңге бағытталды. Ол қаражатқа ел бойынша 1,5 млн шаршы метр баспана тұрғызылуы тиіс. Сәйкесінше, алдағы 5 жылда темір бетон, кірпіш сынды құрылыс материалдарына сұраныс артады.

Сергей Жестков, “Альянс” басқарушы компаниясы ЖШҰ бас директоры, РФ

– Біздің компания тұрғын үйлерді, ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймаларды тұрғызады. Болашақта Қазақстан Челябі облысы арқылы өзге елдермен сауда саттық жасайды. Міне, сол кезде біз ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын теріскейлік кәсіпкерлерге қойманы жалға бере аламыз.

Челябі облысынан келген делегацияның құрамында 8 компанияның өкілі бар. Меймандар бүгін теріскейлік әріптестерімен екі жаққа да тиімді сауда-саттық жайын талқылап алады. Кейін облыс орталығындағы өндірістік кәсіпорындарды аралайды.

Берик Касен.