Қоғам

Петропавлда “Лучший город.KZ” телешоуына іріктеу өтті

Ал, басқа үміткерлер аспабын сайлап, сауалнама парақшасын толтыруда. Үміткер қағазда аяқ-киімінің өлшемі мен қандай түсті жақсы көретіндігін көрсетуі шарт. Василий Костюков – Петропавл құрылыс экономикалық колледжінің оқытушысы. Жасы 30-дағы әнші осыған дейін бірқатар тележобаларға қатысқан.

Василий Костюков, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы

–  Өнерге жақын болғандықтан ел ішінде жиі өтіп тұратын тележобаларға жиі қатысамын. Оның ішінде Суперстар КЗ, Х-фактор тележобалары бар. Сондай-ақ, Ресейге барып та “Жұлдыздар фабрикасы” шоуының іріктеу кезеңіне қатысып келдім. Ол байқауларда мен 3-ші кезеңдерден әрі аспадым.

Виктор Богданов 46 жаста. Кезінде бүтін бір аудандық мәдениет үйіне жетекшілік еткен. Арнайы білімінің жоқтығынан қысқартуға легіп, дәмхана, мейрамханаларда ән айтып, нәпақа табады. Ол бүгін осы жобаға қатысу үшін Тайынша қаласынан келді. Оның қоржынында 300-ден астам ән бар.

Виктор Богданов, Тайынша қаласының тұрғыны

– Жастар мен үлкендердің шығармашылығын біріктірсек, менің ойымша біз жақсы нәтиже көрсетіп, “Лучший город.KZ” тележобасында 1-ші орын алып қалуымыз ғажап емес.

Кей жерлестеріміз қазақ, орыс, испан тағы да басқа тілдерде ән айтса, енді бірі табанымен шыны басып елден ерек көрінгісі келді.

Әйгерім Серікқалиқызы, “Лучший город.KZ” жобасының редакторы

– Жобаның іріктеу турына 12-62 жас аралығындағы үміткерлер келуде. Осыған дейін біз 6 қаланы аралап шықтық. Петропавл 7-ші қала.

Біздің өңір шын дарындардан кенде емес. Бірақ, “Еуразия” бірінші арнасындағы “Лучший город.KZ” телешоуының редакторлары жобаның 2-ші маусымына Петропавлдан 10 адамды ғана іріктеп аламыз дейді.

Берик Касен.