Қоғам

Өңір энергетиктері жылды қорытындылады

Хасип Сюникаев- СҚО энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

– Шынымен де ондай ақпаратты өзім де естідім. Тіпті сол жерге барып та көрдім. Өздеріңіз білесіздер ол жолға асфальтты күз айында салды. Сондықтан жарық пайда болған ғой. Көктем келісімен олқылықтың орны толтырылады. Мосты жөндеген кәсіпорын сақтандыру аясында асфальтты қалыпқа келтіреді.

Бұдан бөлек тозығы жеткен кәріздік желілерді алмастыру жөнінде де қыруар шаруалар тындырылған. Биыл энергетиктер 700 млн теңгеден астам соманың жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Бұл шаруалар 2017 жылға дейін жалғасын таппақ. Оған 3 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған.

Хасип Сюникаев- СҚО энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

– 2011 жылы кәріздік тазарту құрылымдарын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда. «Оңтүстік» коллекторндағы шаруа да қызған. Тайынша ауданында қыруар іс тындырылды. Онда сумен қамту желілерін жаңарту бойынша 1,5 млрд теңгенің жобасы орындалуда. 2015 жылы да олар жалғасын таппақ.

Жуырда Петропавлдағы 2-жылу электр орталығында 8-ші жаңа жылу қазандығы іске қосылды. Соның арқасында бу шығару қуаты сағатына 270 тоннаға артып, 3 тоннаға жуық көмірді үнемдеуге мүмкіндік туып отыр. Оған 6 млрд 200 млн теңге жұмсалыпты. Елбасы биылғы халыққа арнаған жолдауында энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығына баса назар аударған. Сондықтан жұмысты қортындылап, алдағы жылға жоспар құрған өңір энергетиктерінің шаруалары сол маңызды құжатта айқындалған міндеттерді орындауға бағытталмақ.

Хасип Сюникаев- СҚО энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

– Бүгіндері біз тұрғын үй- коммануалдық шаруашылығы және инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жоспарын құрып жатырмыз. Біз 90 жоба әзірледік, олар Елбасы жолдауында айтқандай ұлттық компаниялар есебінен қаржыландырылады деп үміттенеміз. Бюджеттік бағдарламалар аясында да жұмыстар жалғасын табуда. Ауылдарды сумен қамту бойынша 36 жоба іске асырылатын болады.

Мұнымен қоса, энергетиктер Новоишимка және Явленкада орталық қазандық жүйелерін орнату бойынша жұмыстарды қолға алмақ. Ал Бескөлде бұл жұмыстар бүгіндері басталып та кеткен.

Магжан Ахмадина.