Қоғам

Қой жылында петропавлдықтарға Сбербанктен жаңа сыйлық

Пётр Салохин, “Ресей жинақ банкі” АҚ ЕБ Петропавлдағы филиалының директоры

– Акция қатысушысы атану үшін біздің банктен шот ашып, депозитке аз дегенде 150 мың тенге салу қажет. Одан кейін біз клиенттерге “VISA” төлем кароточкасын береміз.

“Сбербанктен сыйлық” шарасы желтоқсанның 1-інен бастау алды. Содан бері 18 солтүстікқазақстандық депозит ашып, акция қатысушысы атанып отыр. Банк филиалы облыс орталығында орналасқанымен оған барлық аудан, ауыл тұрғындары қатыса алады. Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында депозиттердегі салымшылардың қаражаты 4 миллиард 857 миллион тенгені құрады. Бұл түсім өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға жоғары.

Наталья Лаврова, “Ресей жинақ банкі” АҚ ЕБ Петропавл филиалының жеке тұлғаларға қызмет көрсету секторының жетекші

– Депозитті ашу үшін клиенттің қолында төл құжаты болса болғаны. Бұл үрдіс көп уақыт алмайды. Небары 10-15 минут кетеді. Солтүстікқазақстандықтар акцияға қатысу үшін депозитке қаражатты кем дегенде 12 айға салып, шоттан ақша шешпеуі қажет.

Акцияның өту мерзімі шектеулі. Сондықтан депозитті қаңтардың 15-іне дейін ашып үлгеру шарт. Ал, ұтыс ойындары сол айдың 24-і ойнатылады. Депозиттерді “Ресей жинақ банкінің” жергілікті филилы мен бөлімшесінде ашуға болады. Олар Амангелді көшесі, 151 а және Сәтпаева көшесі, 38 мекен-жайында орналасқан.

Берик Касен.