Денсаулық сақтау

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері туа біткен урологиялық дерті бар балаларға ота жасауда

Анатолий Клыков, СҚО балалар ауруханасының хирург-урологі

– Бұрындары зәр шығару жолдарында кеселі бар балаларға отаның жай және дәстүрлі түрі жасалатын. Ол кезде жыныс мүшесіне инфекция түсіп, жараның ұзақ уақыт жазылмау қаупі күшейетін. Енді қазір енгізілген жаңа әдістердің арқасында зәр шығару жолдарындағы ауруларды пышақсыз, ауыртпай лапроскопиялық аппаратпен отаны сәтті жасауымызға мүмкіндік туды.

Урологиялық палатада өзге науқастармен бірге 2 жасар Дмитрий ұйықтап жатыр. Осыдан 1 жыл бұрын дәрігерлер оның зәр шығару мүшесінің ауыратындығын анықтаған. 5 күн бұрын сәбиге Анатолий Клыков пышақсыз лапароскопиялық әдіспен ота жасады. Соның арқасында баланың зәр шығару жолдарына инфекция түспейді, сәйкесінше жараның орны да тез жазылатын көрінеді.

Наталья Чистякова, Петропавл қаласының тұрғыны

– Ұлыма 2-ші сатыдағы гидронефроз диагнозы қойылды. Баламның жыныс мүшесіне ота жасалды. Қазір оның жағдайы жақсы. Дәрігерлердің қолы жеңіл болып, тезгірек сауығып кетуін тілеймін.

Анатолий Клыков 11 жыл хирург, 1,5 жыл уролог міндетін атқарып келеді. Дәрігер осы уақыт аралығында Астана, Алматы, Мәскеу қалаларында балалар урологиясы мәселесіне қатысты біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келді. Осы жылы ол лапроскопиялық аппараттың көмегімен туа бітті урологиялық ауруы бар  60 балаға ота жасады. Оның біразы 1 айлық шақалақ болатын.

Берик Касен.