Білім

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында сарапшы топ өкілдерінің жиыны өтті

Татьяна Анцибор- қалалық №10 орта мектептің директоры

– Аттестация кезінде мұғалімдер шын мәнінде қатты шаршайды. Күні- түні соның соңында жүресің. Бізде тіпті 20 жылдан астам тәжірбиесі бар педагогтар да осы сынақты жастармен бірге өтеді. Осы жүйені қайта қарастырса екен деп ойлаймын. Жұмыс өтілі бар ұстаздар оны өтпей- ақ қойса болады. Өйткені олардың жұмысы комиссия алдындағы есеп, баяндамалардан гөрі, оқушылардың ҰБТ мен олимпиадалардан көрініп тұрады.

Залға жиналған педагогтар мен халық қалаулылары білім саласындағы қордаланған мәселелерді қарастырып, бірлесіп шешімін іздестіру керек деді.

Татьяна Чепухина- «Нұр Отан» партиясының Петропавл қалалық филилалы төрағасының бірінші орынбасары

– Бұл жиында біз білім саласында туындаған көптеген өзекті мәселелерді қозғадық. Көп нәрсені жетілдіру қажет. Ұстаздық ол ауыр жұмыс. Сондықтан бұл саладағы проблемалар мен кедергілерді реттесек, онда мұғалімдер жұмысы біраз жеңілденер еді.

Жиын соңында сарапшы топ көтерілген барлық сауалдар партияның орталық аппаратына жеткізілетіндігін айтты.

Магжан Ахмадина.