Қоғам

Көлік салығын төлеңіз!

Айбас Нұртазин – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы

– Көлігі бар әр бір тұлға көлік салығын төлеуі қажет. Көп жағдайда қарыздың өтелмеуіне темір тұлпарды сенімхатпен сату болып отыр. Сөйтіп, азаматтар өз атындағы автокөлікті тіркеуден шығармай жүреді. Осының салдарынан олар көлік салығын өздері өтеуге міндеттеледі.

Жыл сайын автокөлікті тізгіндеген азаматтардың қатары көбейіп келеді. Олардың арасында көлік салығын төлемейтін жандар жетерлік. Мәселен, ағымдағы жылдың өзінде қарызын өтемеген жандарға қатысты 123 сот шешімі шыққан.

Айбас Нұртазин – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы

– Естеріңізге сала кетеміз. Көлік салығын төлеу уақыты ағымдағы жылдың желтоқсанының 31-і аяқталады. Осыған байланысты, қарызды дер кезінде өтеу керек. Әйтпеген жағдайда берешекке 2,5 есе өсімпұл қосылып отырады. Және іс сотқа жіберіледі.

Бүгінгі таңда борышкер мемлекетке тиесілі салығын төлемеген жағдайда, оның елден шығуына тыйым салынады. Биылдың өзінде мойнында қарызы бар 67 тұлғаға шетелге баруға тосқауыл қойылған.

Ахметова Бану.