Спорт

Балғындар арасында кекушинкай каратэден байқау өтті

Рустам Райцинов, каратэші

– Мен бүгін 1 КЮ тестісінен сәтті өтіп, қоңыр белбеу иегері атандым. Шыны керек, оған қол жеткізу қиынға соқты. Біраз дайындалдым, жеңу үшін бар күшімді салдым. Менің ойымша, мұндай сынақтан барлық ер адамдар өту тиіс.

Сайысқа жастары 5 тен асқан балалар қатысуда. Олар келешекте ел намысын әлем ареналарында лайықты қорғау үшін осы бастан рухы мықты азамат болып жетілуі шарт. Ол үшін “Киокушинкай каратэ” бүкілқазақстандық ұйымы байқауды жарты жыл сайын ел бойынша өткізіп тұрады.

Тәжімұрат Найзабеков, бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының президенті

– Біздер қазір аудандар мен ауылдарда осы спорт түрін дамытуды қолға алып жатырмыз. Себебі шын дарындардың бәрі ауылда жүр. Соларды қалайда болса үлкен жарыстарға тарту керек.

Жалпы бүгінде ел бойына кекушинкай каратэге 15 мыңға жуық бала тартылған.

Берик Касен.